фото: sputnik.kz
Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі.
Түркістан облысында өнеркәсіптік көлемде банан өндіріле бастады, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Түріктің Gengroup Qazaqstan компаниясы өңірде банан отырғызылған 5,3 га жылыжай кешенін салды.
"Қазақстанның климаттық жағдайларына бейімделген бананның сорты арнайы өсірілді", - деп атап өтті ведомство.
Жақын арада жылыжай тағы 5 гектарға кеңейтіледі, бұл жылына шамамен 1000 тонна банан өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы өнімді 6-8 айдан кейін жинау жоспарланып отыр. Экзотикалық жемістерден басқа, жылыжайда қызанақ пен құлпынай өсіріледі.
Жобаның құны бірінші кезеңде 4 миллион АҚШ долларды құрайды.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через