Қазақстанның көрікті 5 жерінің үздік топтамасы

Қазақстанның  көрікті 5 жерінің үздік топтамасы

Қазақстанның көркем жерлері мұнымен аяқталмайды.

Бүгін біз сіздердің назарларыңызға Қазақстанның қайталанбас сұлу табиғаты бар өңірлер мен ғасырлар қойнауынан сыр шерткен мекендерінің 5 үздік топтамасы.

1. Астана

Астана – Тәуелсіз Қазақстанның символы және бас қаласы. Дәл осы жерде ең маңызды саяси және экономикалық оқиғалар өтеді. Мұнда ҚР Президентінің резиденциясы – Ақорда, елдің ең басты монументі – Бәйтерек, сондай-ақ танымал «Атамекен» этно-мемориалдық кешені бар. Ашық аспан астында орналасқан кешендегі шағын макеттер сізге қалада серуендеп жүргендей күй кештіреді. Ал 2017 жылы Астанада EXPO-2017 халық көрмесі өтеді. Бүгінгі Астана – Қазақстанның мақтанышы.

2. Алматы

Алматы үлкен іскерлік және мәдени орталық десек те болады. Ұзақ жылдар бойы қала Қазақстанның астанасы болған. Ол өзінің архитектуралық ескерткіштері және сұлу табиғатымен де танымал. Онда «Медеу» мұз айдыны, Көктөбе, 28 гвардиялық-панфиловшылар саябағы, Тәуелсіздік монументі, тағы өзге де көрікті жерлер көп. Биік тау баурайындағы қала бүгінде мәдени, тарихи, өндірістік ортаға айналған.

3. Шымбұлақ

«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты – Іле Алатауы шатқалында 2510 метр биіктікте орналасқан. Жайлы климат, шуақты күндердің көптігі, тұрақты қар жамылғысы және табиғаттың таңғажайып көрінісі бұл жерге қысқы спорт түрлерін жақсы көрушілерді ғана тартып қоймайды. Сонымен қатар табиғат аясында, таза ауамен тыныстауды жақсы көретін жандар үшін де таптырмас орын. Онда келушілерге арналған үлкен шаңғы трассасы бар. Шаңғыға алғаш тұрған адамдар да, бұл спортпен кәсіби айналысатын жандар да сол жерден табылады. Шымбұлақтағы қалың қар қабаты желтоқсаннан сәуір айына дейін жатады.

4. Түркістан

Қазақстанның ең көне қалаларының бірі. Оның ең басты көрнекті жері V ғасырда іргесі қаланған Қожа Ахмет Ясауи кесенесі. Ол сол заманның ерекше сәулет туындысы болып табылады. Күмбезі қыштан соғылған ғимарат ішінде үлкенді-кішілі 35 зал мен бөлме бар. Олардың барлығы бір-бірімен қос қабатты 8 дәлізбен және әртүрлі өтпелі баспалдақтармен жалғасып жатады. Орталық залда үлкен қазан орналасқандықтан ол жер «қазандық» деп аталады. Қазан түркі халықтарының қонақжайлылығы мен бірлігінің символы болғандықтан оның көлеміне аса мән берілген. Диаметрі 2,45, салмағы 2 тонна. 7 металдың қоспасынан жасалған дүние.

5. Шарын шатқалы

Бұл Қазақстанның өте көне және көркем жерлерінің бірі. Алматыдан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан. Ұлттық паркінің құрамына кіретін Шарын шатқалы отандық және шет­елдік туристерді таңғажайып көріністерімен тамсандыратыны рас. Шатқал 12 миллион жылға жуық шөгінді тау жыныстарынан қалыптасқан. Оның құздарының биіктігі 150-300 метрге жетеді. Мұнда өсімдік атаулының 1500 жуық түрі бар, 17-сі Қазақстанның Қызыл кітабына енген.

ото: gas-kvas.com