Қазақстанның барлық аймағында жолақысын төлеудің электронды жүйесі енгізілді

Қазақстанның барлық аймағында жолақысын төлеудің электронды жүйесі енгізілді
фото: sputnik.kz

Қоғамдық көлікте жолақысын төлеудің электрондық жүйесі еліміздің барлық өңірінде енгізілді, деп хабарлайды көлік министрлігі.

"Аталған жүйелердің жұмысын жалпы саны 14 оператор қамтамасыз етеді. Соңғы 3 жылда республика бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 34%-тен 79%-ке дейін ұлғайды", - деп жазды ведомство.

Министрліктің мәліметінше, жолақысын электронды түрде төлеудің арқасында қоғамдық көлік жұмысының тиімділігі артады. Қанша жолаушы жүргені туралы нақты статистика болады. Сондай-ақ тасымалдаушылардың жосықсыз әрекеттері азайып, көлеңкелі экономикадан ақшалай қаражатты шығаруға ықпал етеді.

Тағы бір оңтайлысы NFC технологиясын қолдайтын банк карталары, банктердің мобильді қосымшалары, SMS-код жіберу, QR-кодты сканерлеу, сондай-ақ көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз жол ақысын төлеу мүмкіндігі болды.

ҚазАқпарат