Қазақстанның әр тұрғыны тәулігіне 3,5 мың литр су тұтынады

Қазақстанның әр тұрғыны тәулігіне 3,5 мың литр су тұтынады

       Қазақстандықтар суды тым көп тұтынады, деп мәлімдеді Worldometers зерттеуі. Қазақстанда жан басына шаққанда суды тұтынудың тәуліктік деңгейі - 3,5 мың литр, деп хабарлайды Zakon.kz.

       Көрші Ресейде бұл көрсеткіш небәрі 1,3 мың литр, Грузияда – 1,2 мың литр, Украинада – 604 литр, ал айталық, Ұлыбританияда бір адамға тәулігіне 348 литр ғана келеді.

       Сауалнамаға қатысқан 179 елдің ішінде бұл көрсеткіш Африка елдерінде ең төмен, Конго Демократиялық Республикасы жан басына тәулігіне небәрі 34 литрмен соңғы орында.

       Орталық Азияның тағы бір елі Түркіменстан суды тұтыну бойынша алда тұр: жан басына тәулігіне 16,3 мың литр су. "Су пайдаланушы елдер" үштігіне Оңтүстік Американың екі штаты - Чили мен Гайана кіреді.

       Олардан кейін бірден Орталық Азияның үш елі – Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан келеді: бір адамға тәулігіне сәйкесінше 4,8 мың, 4,5 мың және 4,3 мың литр су. Жетінші орында бір адамға 3,8 мың литр көрсеткішпен Америка Құрама Штаттары тұр.

       Дегенмен Қазақстандағы суды пайдаланудың мұндай көрсеткіштері таңғалдырмайды. Елдегі су тарифтеріне қарасақ, мысалы, Holidu мониторинг жүйесі 63 елдің 120 ірі қаласында 2021 жылға арналған суық сумен жабдықтау құны туралы деректерді ұсынған. Бұл туралы Finprom.kz жазды.

       Егер Қазақстаның үш негізгі мегаполисін – Шымкент, Астана және Алматыны мониторингке енгізілген қалалармен салыстырсақ, 123 қаланың рейтингінде олар текше метр су құнымен сәйкесінше тек 117, 118 және 119-орындарды алады (0,19, 0,11 және 0,1 еуро). Яғни, Қазақстандағы құбыр суы - әлемдегі ең арзан сулардың бірі.