фото: © Photo : Бағдат Мусиннің парақшасынан
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанның 20 миллионыншы тұрғындарына ерекше туу туралы куәлік берілетінін жеткізді. Министр бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасына жазды.
"20 миллион! Қазақстан халқының саны ресми түрде 20 миллионға жетті.Ұлытау, Атырау, Ақмола, Түркістан мен Жетісу облыстарында еліміздің 20 миллионыншы тұрғындары дүниеге келді. Бес балаға еліміздің 20 миллионыншы азаматы екенін айғақтайтын арнайы туу туралы куәліктері дайындалды", - деп жазды Мусин.
Министр қазіргі уақытта проактивті көрсетілетін мемлекеттік қызметтер босанған аналардың өмірін қаншалықты жеңілдеткеніне тоқталды
"Осыдан 16 жыл бұрын үлкен қызымыздың туу туралы куәлігін қалай алғанымызды, ол үшін көптеген құжат жинап, кезекте тұрғанымыз есіме түсті. Ал өткен жылы кенже баламыз дүниеге келгенде, жұбайым туу туралы куәлікті eGov mobile қосымшасын пайдала отырып, бір хабарлама жіберу арқылы алған еді. Бұл процесс сөзсіз, ата-аналардың уақытын айтартықтай үнемдейтінін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға септігін тигізетінін атап өткен жөн", - дейді министр
Мусиннің айтуынша, министрлік туу туралы куәлікті алу қызметін 4-30 күннен 5 минутқа дейін қысқартып, оны онлайн форматқа ауыстырды.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через