Қазақстаннан Сауд Арабиясына ет пен бал экспортталады

Қазақстаннан Сауд Арабиясына ет пен бал экспортталады

Қазақстандық 19 компания Сауд Арабиясына өз өнімдерін экспорттайды, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті мен Сауд Арабиясының азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы арасындағы ынтымақтастық нығайып келеді.

"Қазақстанның Араб әмірлігіндегі елшілігінің қолдауымен Сауд Арабиясына өнімді экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне тағы 15 қазақстандық ет өңдеу зауыты және 4 бал мен ара шаруашылығы өнімдерін шығаратын компания енгізілді", - деп жазылған хабарламада.

Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 34 отандық компания Сауд Арабиясына жануарлардан алынатын өнімдерді жеткізе алады.

Қазақпарат