фото: https://sputnik.kz
Қазақстанда жанар-жағармайды шекара арқылы шығаруға әрекет ететіндер саны артқан, осыған орай отынды бақылау күшейтіледі.
Шекарада дизель отыны мен бензинді басқа мұнай өнімі деп көрсетіп (мазут, пеш отыны, еріткіштер), заңсыз әкетіліп жатыр. Бұл туралы жанар-жағар маймен нарықты қамтамасыз ету жөніндегі кеңесте белгілі болды.
Премьер-министр Әлихан Смайылов энергетика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, отынды елден заңсыз әкетуге бақылауды күшейту және жолын кесу жөнінде шаралар қабылдауды тапсырды. Бақылау шаралары әсіресе, көктемгі дала жұмыстары кезінде күшейтілсін, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Отырыста сондай-ақ мұнай-газ саласының бірқатар өзекті мәселесі талқыланды.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через