Тіркелмеген дәрі-дәрмектерді Қазақстанға әкелуге біржолғы рұқсат беру адам өліміне әкелуі мүмкін екенін. Бұл туралы сенатор Ақмарал Әлназарова Премьер-Министрге жолдаған депутаттық сауалында.
“Өзбекстандағы дәрі-дәрмектерді қолдану салдарынан 19 баланың қайтыс болуына байланысты қайғылы жағдай елімізге әкелінетін дәрі-дәрмектердің қаупін мұқият қадағалау қажеттігін дәлелдеп отыр. Қазақстанда тіркелмеген дәрі-дәрмектерді әкелуге бірнеше рет бір реттік рұқсат беру осындай қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін”, - деді сенатор Ақмарал Әлназарова.
Депутаттың сөзінше, қазіргі уақытта нарықта отандық және шетелдік өндірушілердің тіркелген өнімдері болған жағдайда да бір реттік импорт кеңінен қолданылып келеді.
"Мұндай тәжірибе ресми түрде әкелінетін тіркелген препараттарды жеткізушілерді де қатерге ұшыратып отыр. Бұл жалпы отандық фармацевтика саласының инвестициялық тартымдылығына нұқсан келтіреді. Мұндай қос стандарт адал өндірушілердің сапалы препараттарын нарықтан ығыстырып шығаруына әкеледі", - деді Ақмарал Әлназарова.
Сенатор сонымен қатар қолданыстағы дәрі-дәрмектер бағасын реттеу ісінің нашарлығы мен сол жүйедегі проблемаларға тоқталды. Оның сөзінше, барлық дәрі-дәрмектердің белгіленген шекті бағасы болуы керек. Алайда, қажетті тіркеу құжаттарының болмауына байланысты біржолғы препараттарға шекті бағалар белгіленбей келеді.
"Халықтың сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттарға қолжетімділігін жақсарту және ішкі нарықты толық қамтамасыз ету мақсатында дәрілік заттар айналымын реттеу жүйесінің тәсілдерін қайта қарау керек. Фармацевтикалық өнімнің жаңа түрлеріне жедел қол жеткізе алатын және дәрілік заттардың бағасын реттеудің ашықтығын қамтамасыз ететін тіркеу рәсімдерін оңтайландыру қажет. Мемлекет елімізде жетіспейтін бірқатар препараттардың өндірісін жолға қою үшін инвестиция беріп қолдау жасап, тіркеуді бақылау мен шығындарын өз мойнына алуы тиіс", - деді Ақмарал Әлназарова.
Stan.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через