Қазақстанға көп қаржы құйған топ-10 мемлекет

Қазақстанға көп қаржы құйған топ-10 мемлекет
фото: fingeniy.com

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров ел экономикасына ең көп инвестиция салған он елді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жылы Қазақстанға Нидерланд – 8,3 млрд, АҚШ – 5,1 млрд, Швейцария – 2,8 млрд, Бельгия – 1,6 млрд, Ресей – 1,5 млрд, Оңтүстік Корея – 1,5 млрд, Қытай –1,4 млрд, Франция – 770 млн, Ұлыбритания – 661 млн және Германия – 470 млн доллар тікелей инвестиция бағыттады.

«Былтыр инвестициялардың әртараптандырылуы бойынша елдерде оң қарқын бар. Бұл ретте, Оңтүстік Корея, Сингапур, Біріккен Араб Әмірліктері және Германия тарапынан бағытталған инвестицияның көлемі өскені байқалды», - деп 2022 жылдың қорытындыларын шығарды Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Алмас Айдаров шетелден инвестиция тарту бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұрғанына да тоқталды. Оның сөзінше, былтыр инвесторлар елімізге 28 млрд долларға жуық қаражат бағытталған.

Ал, салалар бөлінісінде ең көп шетелдік инвестиция көлемі тау-кен өндіру өнеркәсібіне тартылған – 12,1 млрд доллар.