Қазақстанға көлік көп жеткізілетін елдер аталды

Қазақстанға көлік көп жеткізілетін елдер аталды
Фото:elements.envato.com

Қазақстанға көлік көп әкелінетін елдер аталды.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Алматы ЦТО" кеден бекетінің бас мамандарының айтуынша, сырттан әкелінген автокөліктерге сараптама жүргізілген.

"Автокөлік импортында басымдық мына елдерде: Грузия, Біріккен Араб Әмірліктері, Корея. Негізгі басымдық осы елдерде. Америка мен Еуропадан да импорттайды. Әртүрлі баға санатындағы көліктер: қымбатынан бастап қарапайым қазақстандықтың қалтасы көтере алатын бюджеттік көліктерге дейін. Мысалы, Hyundai Elantra, бұл бағасы жағынан да, кедендік ресімдеу жағынан да барлығына қолайлы, қозғалтқышы аз көліктер. Орташа алғанда мұндай көлікке кедендік төлемдер 1-1,5 миллион теңге болады", - деді маман.

Айта кету керек, автокөлікті Қазақстанға әкелу кезінде кедендік ресімдеуден басқа да шығындар қажет болады: бұл техникалық регламенттерге сәйкес қауіпсіздік сертификаты, бастапқы тіркеу үшін алым және утильалым.

"Көлiк құралының құрылымының қауiпсiздiгi туралы" техникалық регламент талаптарына сәйкес келмейтiн шетелдiк автомобильдер кедендiк ресiмдеуден өткiзiлмейдi. Бұл техникалық регламент экологиялық кластың талаптарын және шығарылған жылын анықтайды, жеңіл автомобильдер үшiн ол 2007 жылдан ерте емес", - дейді маман.

Tenrinews.kz