Биыл елге келетін шетелдік туристер саны екі есе артады Шетелдік турист Қазақстанда жергілікті туристке қарағанда жеті есе көп ақша қалдырады. Бұл туралы Kazakh Tourism хабарлады. Ұлттық компанияның дерегінше, Ресей мен Орталық Азиядан келгендердің орташа чегі $160 болса, басқа елден келген қонақтардың шығыны $1 мың асады. Дегенмен, салада әлі күнге дейін шешілмеген мәселелер бар. Солардың бірі – туристерді орналастыру орындарының тапшылығы. 2021 жылдың алғашқы үш айында орналастыру орындарының саны біршама өскен. Бірақ туристер бұрынғыға қарағанда әлі де аз. Бұл елімізде енгізілген шектеу шараларымен байланысты. Жалпы былтыр Қазақстанға 252 мың шетелдік турист келген. Бір қызығы, Ұлттық компания «биыл шетелдік қонақтардың саны бұдан екі есе көп болады», деп болжап отыр. Мамандар жаппай вакциналау компаниялары бұл бағыттың дамуына оң серпін береді деген сенімде. Ал Қазақстанның туристік бағыттары тізімінде Бурабай, Имантау-Шалқар, Баянауыл, Маңғыстау, Алакөл, Балқаш курорттық аймақтары және Байқоңыр бар.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через