Қазақстанға әкелінген шетелдік көліктер 200 мың теңгеге заңдастырылады

Қазақстанға әкелінген шетелдік көліктер 200 мың теңгеге заңдастырылады
фото: https://sputnik.kz

Қазақстанға әкелінген шетелдік көліктер 200 мың теңгеге заңдастырылады

Парламент мәжілісі 1 қыркүйекке дейін әкелінген көліктерді заңдастыру үшін алынатын бірыңғай алымның мөлшерін бекітті.

Мәжілістің жалпы отырысында Салық кодексіне өзгерістер енгізу туралы заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Құжатта шетелдік автокөліктерді бастапқы тіркеу үшін бірыңғай алымның мөлшері көзделген.

"Осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автомобильдерді заңдастыру үшін 200 000 теңге мөлшерінде төмендетілген бірыңғай алым мөлшерлемесін белгілеу ұсынылады. Бұл халыққа автомобильдерге меншік құқығын тіркеуге және болашақта бюджетке көлік салығын төлеуге мүмкіндік береді", - деді мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Сергей Симонов.

Бұл ретте механикалық көліктердің санаттарын, алым мөлшерлемесін қолдану тәртібін, шарттары мен мерзімдерін үкімет айқындайды.

Мәжіліс заң жобасын мақұлдап, сенаттың қарауына жолдады.

Бұған дейін президент Қазақстан халқына жолдауында осы жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген автомобильдерді заңдастыру, оларды кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде бірыңғай алым белгілеуді тапсырған болатын.

sputnik.kz