Қазақстандықтарға Ыстықкөлге жаяу тур ашылуы керек еді: Не себепті маршрут әлі күнге дейін іске қосылмады

Қазақстандықтарға Ыстықкөлге жаяу тур ашылуы керек еді: Не себепті маршрут әлі күнге дейін іске қосылмады

       Мәдениет және спорт министрлігі былтыр Алматыдан Ыстықкөлге баратын жаяу тур биылғы маусым айында жанданады деп уәде берген еді. Бірақ Қырғызстан мен Қазақстан арасындағы өзара келісім құжатына әлі қол қойылмағандықтан маршрут тағы да кейінге қалып отыр.

       Министрлік былтыр саяхат жасаушылар көрші елге Алматыдан және Көлсай көлдерінен тікелей Ыстыққөлге екі күнде жаяу жете алады деген болатын. Бұл соқпақ 2009 жылдан бері жабық болған. Міне енді араға 13 жыл салып биыл маусым айында ашылуы керек еді. 

       Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қырғызстан мен Қазақстан арасында келісімнің әлі де дұрыс жасалмауына байланысты жолдың қашан ашылатыны белгісіз. 

       “КСРО кезінен бастап Солтүстік Тянь-Шань арқылы Ыстықкөл көліне баратын жаяу тур өте танымал болды. Алайда 2013 жылы шекараны демаркациялау және таулы шекаралық уақытша өткізу пункттерін ұйымдастыруға байланысты Қазақстан мен Қырғыз мемлекеттік шекарасын кесіп өту бойынша белгілі бір шектеулер қойылды. Жалғыз шешім – бұл туристік топтардың мемлекеттік шекарадан өтуін реттеу тәртібі туралы келісімді қабылдау болатын. Осы Келісімнің жобасын министрлік әзірлеп, 2019 жылы Қырғызстанға жолдаған . 

       Бірақ осы уақытқа дейін Қырғыз тарапына жағынан келісімге келу туралы позиция болған жоқ. Бұдан басқа өткен жылы Мемлекет басшысының Қырғыз Республикасының сапары барысында берген тапсырмасын орындау аясында 26 мамырда Қырғыз тарапына осы жобаға келісуді жеделдетуге қатысты нота қайта жолданды. Келісім алған сәттен бастап туристер жыл сайын ыңғайлы маусымға байланысты Ыстықкөл көліне бара алады. Егер келісім болса осы жылы маршрут ашылады деп жоспарлап отырмыз. Бірақ нақты мерзімі белгісіз”, – дейді министрліктен. 

       Айта кетсек, Алматыдан шыққан жолаушылар Ыстыққөлге екі бағыт арқылы барады. Біріншісі Алматы арқылы Іле және Күнгей-Алатауын кесіп өтіп, Ыстықкөлге тікелей барса, екіншісі Көлсай арқылы жетеді. Жол шамамен 25 шақырымды құрайды. Таудың арасындағы жолмен сапар жасау маусымда басталып қыркүйек айына дейін жалғасады деген жоспар болған. 

       Stan.kz