Қазақстандықтарға той жасауға рұқсат берілді

Қазақстандықтарға той жасауға рұқсат берілді

Қазақстандықтарға той жасауға рұқсат берілді

27 қыркүйектен бастап елде карантиндік шектеулер жеңілдетіледі, салтанатты және отбасылық шараларға рұқсат етіледі.

Қазақстанда пандемия басталғалы алғаш рет той өткізуге рұқсат берілді. Алайда тойханаларға Ashyq-та статусы "қауіпсіз" қонақтар ғана кіргізіледі.

"Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы екі аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ке төмендегенін айтты. Осыған байланысты 27 қыркүйектен бастап "Ashyq" бойынша "қауіпсіз" мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі", - делінген COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хабарламасында.

Атап айтқанда, салтанатты, еске алу және отбасылық шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой) өткізуге рұқсат беріліп отыр.

"Жасыл" аймақта тұрған өңірлерде зал 50%-ке дейін ғана толуы керек, 100 орыннан аспауы шарт.

"Сары" аймақта да 50%-ке дейін, 70 орыннан аспауға тиіс.

"Қызыл" аймақта 50%-ке дейін, 50 орыннан аспауы керек.

Сондай-ақ конференциялар, форумдар және басқа да бұқаралық шараларды, көрмелерді өткізуге рұқсат етілді.

Бұған қоса, таза ауада марафон ұйымдастырып, көрермендердің қатысуымен спорттық шаралар өткізуге болады. Спорттық-сауықтыру орталықтары мен спорт кешендерінің, ойын клубтарының (казино) қызметі жанданады.

 

 

 

Мәтіндегі ақпарат туралы