Қазақстандықтардың WhatsApp-тағы жазбалары тексеріле ме?

Қазақстандықтардың WhatsApp-тағы жазбалары тексеріле ме?
фото: pexels.vercel.app

Әлеуметтік желілерде ҰҚК WhatsApp пайдаланушыларының хат-хабарларын қалай бақылайтыны көрсетілген видео тарады. Бұл - фейк, деп жазды tengrinews.kz. 

Видеода монитор көрсетілген, ондағы кадрлардан бір уақытта хабар алмасып жатқан бірнеше телефон экранын байқауға болады.

"Бұл видеоның Қазақстанға еш қатысы жоқ. Бұл видео әлеуметтік желілерде 2023 жылдың қазанның аяғында тарала бастады. Сондай-ақ, оны Өзбекстан мен Дағыстан пайдаланушылары жаппай таратқан, осылайша билік Telegram немесе WhatsApp мессенджерлерде хабарламаларды қадағалайды екен", - деп жазды портал.

Видеоның сапасы төмен, сонда да кадрдан мессенджер интерфейсінің Telegram-ға да, WhatsApp-қа да ұқсамайтынын көруге болады. Экранда көрсетілген бейне қытайлық WeChat мессенджеріндегі жарнамалық спам-хабарламаларды жаппай таратуға ұқсайды.

Демек, видеода айтылған ҰҚК WhatsApp-тағы хат-хабарларды қадағалайтыны туралы мәлімдеме жалған, деп жазды портал.