Қазақстандықтардың табысының 52 пайызын тамаққа жұмсайды

Қазақстандықтардың табысының 52 пайызын тамаққа жұмсайды
фото: Абзал Калиев

Қазақстанда азық-түлікке жұмсалатын шығын 14 пайызға өсті. Бұл туралы Standard.kz порталы  Finprom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылдың екінші тоқсанында үй шаруашылықтарының азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсаған шығындары 13,9%-ға өсіп, 421,1 мың теңге  болды.

Бұл шығындардың азық-түлік тауарларына жұмсалған барлық шығындағы үлесі 92%-ды, жалпы тұтыну шығындарынан 52%-ды құрады.

Салыстыру үшін: өткен жылдың сәйкес кезеңінде азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға жұмсалған шығын 369,8 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 9,6%-ға артық.

Өңірлер бойынша азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға ең көп шығын Түркістан облысының тұрғындары арасында тіркелді: тоқсанына 557,5 мың теңге – бір жыл бұрынғыдан 13,9%-ға артық.

Тамаққа көп ақша жұмсайтын өңірлердің “бестігіне” сонымен қатар Маңғыстау облысы (551,6 мың теңге, плюс 10%), Атырау облысы (512,4 мың теңге, плюс 14,5%), Ұлытау облысы (502,5 мың теңге, плюс 30%) және Алматы облысы (484,3 мың теңге плюс 7,6%) кірді.

Азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға шығындардың жыл сайынғы ең үлкен өсімі Ұлытау облысында, ең азы - Павлодар облысында байқалды.

Тұрғындардың азық-түлік және алкогольсіз сусындарға жұмсаған шығындарының құрылымында ең көп үлесті (33,4%) ет және ет өнімдері алып отыр: республика бойынша орташа көрсеткіш - 140,6 мың теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,7%-ға артық.

Екінші қатарда нан өнімдері мен жарма өнімдері тұр: 64,5 мың теңге, плюс 15%. “Үштікті” сүт өнімдері жапты - қазақстандықтар оларға 44,7 мың теңге жұмсады, бұл 2022 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 21,4%-ға көп.

Ел тұрғындары жеміс-жидектерге 35,1 мың теңге, көкөніс сатып алуға 34,3 мың теңге, қант, кондитерлік өнімдер мен тәттілерге 28,1 мың теңге, майға 22,7 мың теңге, алкогольсіз сусындар мен балық,теңіз өнімдеріне 17,6 мың теңге, жұмыртқаға - 9,1 мың теңге жұмсады.