фото: baribar.kz
Денсаулық сақтау саласына байланысты жүргізілген халықаралық зерттеу берген мәлімет осындай.
Еуропадағы ең беделді салалық зерттеу нәтижелері таныстырылды. Оған еуропалық 15 мемлекетпен қатар біздің ел де қатысты. Қазақстанда зерттеу екінші жыл қатарынан жүргізіліп отыр. Ол үшін Еуропаның белгілі компаниясы арнайы сауалнама тастаған. Мәселен, скрининг бойынша гинекологиялық тексеруден қазақстандықтардың 80 пайызы үнемі өтіп тұрады.
Сонымен қатар әрбір алтыншы отандасымыз тұрақты түрде жалпы тексеруден өтетінін айтқан. Сауалнамаға әр елден 2000-ға жуық адам қатысты. Биылғы есепке Өзбекстан туралы деректер алғаш рет енгізілді.
Арминас Мацевичус, халықаралық зерттеу компаниясының Еуразия өңіріндегі вице-президенті: - Біз жүргізген есепте қазақстандықтардың өз денсаулығына қалай қарайтынын, қандай мәселелерге көңіл бөлетінін, сондай-ақ салалық министрліктен не күтетіні жайлы өзекті сауалнама жүргіздік. Халықаралық зерттеу халықтың мінез-құлқын, фармацевтикалық және медициналық сауат деңгейін айқындайды. Алынған деректер арқылы медицинаның деңгейі мен адамдардың салауатты өмір салтына деген құлшынысын білуге болады.
Дереккөз 24.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через