Қазақстандықтарды ақпан айында не күтіп тұр? Маман болжамы

Қазақстандықтарды ақпан айында не күтіп тұр? Маман болжамы

Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова ақпан айына болжам жасады.

Әлемдегі тұрақсыздық

Жұлдызнамашының болжамынша, ақпан айының алғашқы онкүндігінде әлемнің кейбір елдерінде революциялық көңіл-күй байқалады. Митингтер мен ереуілдер, заңға қайшы әрекеттер жиілеуі мүмкін.

Саяси лидерлер халықаралық деңгейде өз жақтастары мен мүдделестерін іздеуге көшеді. Бұған қоса, қосымша логистикалық дәліздерге қажеттілік туындайды, шекараны кесіп өтуге қатысты заңнамалық құжаттарға өзгеріс енгізілуі мүмкін.

Сондай-ақ бұл түсініспеушілік, дипломатиялық қарым-қатынастың үзілетін кезеңі. Бірінші басшылардың ымыраға келуі қиындайды, одақтас мемлекеттер арасына сызат түседі.

Әбдірайымованың айтуынша, дипломатиялық байланыстың үзілуі мәжбүрлі немесе арандатушылардың күні бұрын дайындаған жоспары болуы мүмкін.

Бұдан бөлек, маман астрологиялық болжамында бүкіл әлемді алаңдатып отырған мәселеге тоқталды. Оның болжамынша Ресей мен Украина арасындағы жағдай жақын арада шешілмейді, одан әрі шиеленіседі.

Жалпы ақпан Украина үшін күрделі ай болғалы тұр, деп ескертті ол.

"Экономика, әскери сипаттағы проблемалар, ішкі ауыс-түйіс, ел ішіндегі наразылық. Ақпанда және наурызда әскери іс-қимыл күшейеді. Бірақ наурыз айының соңында татуласу, бітімге келу жайлы көбірек сөз қозғалады. Десе де сәуірдің ортасында ахуал тағы күрделене түседі. Содан соң тыныштық орнайды. Бірақ мәселеге нүкте қоюға әлі ерте. Өйткені жаздың соңы, яғни күз басталғанда жағдай ушығып кетуі мүмкін", - дейді Әбдірайымова.

Алдағы күндерге болжам

8-9 ақпан – ақыл-ой белсенділігі, өнертапқыштық, шығармашылық, жарнама, байланыс. Алайда бұл күндері көп сөйлеп, жұрттың мазасын алмаңыз. Өкініп қаласыз. Шындықты айтсаңыз да, ешкім құлақ аспайды.

11-12 ақпан – емін-еркін араласу, шер тарқату, бейсаналы түрде өзгеріске ұмтылу. Жоспарыңыз, сапарыңыз аяқасты өзгеруі мүмкін. Жаңа әрі беймәлім дүниелерге, заманауи технологияларға қызығушылық артады.

15-17 ақпан – шаршау, өзімшілдік, енжарлық, өзін-өзі сынау, тұйықтық, қалаған нәтижеге қол жеткізе алмау. Физикалық және психологиялық тұрғыдан шаршау, бәрі сенен теріс айналғандай күй кешу. Осы кезеңде физикалық салмақты азайтқан дұрыс, созылмалы аурулар асқынып кетуі мүмкін.

Кейбірі ғашықтық сезімін бастан өткереді, бірақ абайлаңыз – сіз адамның өзіне емес, өз қиялыңызға ғашық болуыңыз мүмкін.

Сондай-ақ осы кезеңде шыдамдық, байсалдылық танытсаңыз, жаңа іс бастауға, балалармен қарым-қатынасты жақсартуға, құрылыс пен қаржы саласында келісімшарт бекітуге болады.

18-19 ақпан – оптимизм, белсенділік, сапар шегу, жаңа зерттеу. Бұл уақыт адамдарға көтеріңкі көңіл-күй, жаңа таныстық сыйлайды. Қажетті ақпарат өз иесін табады. Кездейсоқ таныстық сәттілік әкелуі мүмкін, адамдармен тіл табысу, келісу оңай. Интеллектуалды қызмет, шарт жасасу, келісімдерге қол қою кезеңі.

19 ақпаннан бастап энергиялар алмасады – ақкөңілділік, жақсы мінезді болуға талпыну, ғылымға қызығушылық, сезімталдық, жан-дүниеңе үңілу, түйсігіңе сену. Айдың соңы ішкі әлеміңді түсіну үшін таптырмас уақыт.

Ал айдың соңғы он күндігі – шамадан тыс сезімталдық, барлығын жүрекке жақын қабылдау.

Бұл күндері ақша тез жұмсалады, әйелдер өзіне көбірек көңіл бөлуді талап етеді, тіпті ер адамдармен танысу үшін алғашқы қадамды өздері жасауы мүмкін. Жаңа таныстық ерекше өтеді әрі есте қалады, бірақ "өткінші" болады.

Астролог ақпан айының 1, 2, 3, 5, 6, 7,8, 10, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25, 28 күндері мұқият болуға кеңес берді.

Дереккөз Sputnik.kz. Фото: astroigoro.ru