Қазақстандықтар жаңа автокөліктерді жиі сатып ала бастады
Energyprom.kz зерттеушілері атап өткендей, биыл Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда жеңіл автомобильдер мен жеңіл коммерциялық техниканы 39%-ға көп сатқан.
Осылайша, осы жылдың сегіз айында жаңа жеңіл автомобильдер мен жеңіл коммерциялық техниканы сату 73,4 мың бірлікті құрады. Сатудың осындай жылдық өсуі өткен жылдардың көрсеткіштерінен едәуір асып түседі. Мысалы, 2020 жылы өсім 21,9%-ды құраса, 2019 жылы бұл көрсеткіш 19,6%-ды құрады.
«2021 жылдың қыркүйегінде елдің дилерлері 10,5 мың жеңіл автокөлік пен жеңіл коммерциялық техниканы сатты – бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 3,3%-ға көп», деп нақтылады сарапшылар.
Қыркүйек айында жаңа автокөліктерді сату өткен жылмен салыстырғанда бүкіл әлем бойынша бірден 20,3%-ға төмендеді. Сатудың күрт төмендеуі Ұлыбританияда (34,4%-ға), сондай-ақ Жапония мен Италияда (32,7%-ға) байқалды. Ресейде қыркүйек айында сату 22,6%-ға төмендеді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через