Қазақстандықтар қандай аурулардан жиі қайтыс болады

Қазақстандықтар қандай аурулардан жиі қайтыс болады
фото: gb5kirov.ru

Отандастарымыз жиі шалдығатын ауру түрлері белгілі болды.

 «2021 жылмен салыстырғанда өткен жылы ауруға шалдығу көрсеткіші 5,7%-ға төмендеді. Соңғы жылдары азаматтар көбіне тыныс алу органдары ауруларына жиі ұшырайды. Екінші орында - ас қорыту жүйесінің ауруларытұр.  Отандастарымыз жиі шалдығатын келесі дерт қан айналымы жүйесіне қатысты - деген жауап келді Денсаулық сақтау министрлігінен ҚазАқпарат тілшісі жолдаған сауалға.

Сондай-ақ, аталған ведомство ұлттық статистика бюросының биылғы 6 айдағы өлім-жітім жайлы мәліметін ұсынды.

«Өлім көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 9,3% төмендеді. Өлім-жітімге жиі алып келетін - қан айналым жүйесі аурулары. Ол бойынша биыл 6 айда 147,22 адам қайтыс болған. Екінші орында - қатерлік ісік түрлері, биыл жарты жылда 66,13 өлім тіркелді. Үшінші кезекте тыныс алу органдары аурулары, ол 64,42 адамды өлімге алып келген», - дейді министрліктен.

Сондай-ақ шетелден келген қазақстандықтардың көбінде қандай ауру, инфекция немесе вирус жұқтырып келетіні белгілі болды.

Дерекөз ҚазАқпарат.