фото: https://turkystan.kz
2023 жылдың қыркүйегінде 10,8 мың неке тіркелді – бір ай бұрынғыдан 24,7%, ал былтырғы қыркүйекпен салыстырғанда 26,9% аз.
Ай сайынғы көрсеткіш бойынша биыл тамыз айы ең өнімді жыл болды: 14,4 мың неке тіркелген. Неке ең аз тіркелген ай қаңтар: 7,6 мың. Жалпы, бұл - қалыпты көрініс: былтыр тіркелген некелердің ең көбі тамыз айында болды(15,3 мың), ең азы қаңтарда (7,9 мың) болған.
«2023 жылдың қыркүйегінде 1,3 мың ажырасу тіркелген – тамыз айымен салыстырғанда 6,9% аз, бірақ былтырғыдан 3,5% артық. Биыл ең көп ажырасуы мамыр айында болды: 1,6 мың. Былтыр мамырда да ең көп 1,8 мың тіркелген», – делінген ranking.kz хабарламасында.
Жалпы, 2023 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ҚР-да 90,3 мың неке тіркелді. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірден 8,1% аз. Оның 60,2 мыңы қала тұрғындары арасында, 30,1 мыңы ауыл тұрғындары арасында тіркелді. Бұл ретте неке қиюды тіркеу қалаларда 9,3%, ауылдық жерлерде 5,4% азайды.
«Ажырасулар саны да төмендеді: биыл тоғыз айда 8,1%, 12,4 мыңға дейін. Бұл ретте ажырасулардың 73,6%-ын қала тұрғындары құрады: 9,1 мың — дегенмен, 2022 жылғы қаңтар–қыркүйекпен салыстырғанда 8,6% аз. Ажырасулардың 3,3 мыңы ауыл тұрғындарының үлесіне тиді, бұл бір жыл бұрынғыдан 6,6% аз», – делінген хабарламада.
Өңірлер бойынша 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында ең көп неке қиылғандар халқы тығыз орналасқан Алматы (9,7 мың), Түркістан облысында (8,7 мың) және Астанада (7,8 мың) тіркелген. Ең аз неке Ұлытау (1,1 мың), Солтүстік Қазақстан (2,4 мың) және Абай (2,6 мың) облыстарында тіркелген.
ҚазАқпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через