Қазақстандықтар өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр ме? Сауалнама

Қазақстандықтар өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр ме? Сауалнама
фото: naq.kz

Неге екі миллион қазақстандық мамандығы бойынша жұмыс істемейді?

Өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтін қазақстандықтардың саны өткен жылдың қорытындысы бойынша 2 млн адамға жақындады. Бес жылдық кезеңмен салыстырғанда өсім 25%-дан асты. Бұл деректер ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының «Талдау» ақпараттық-талдау жүйесінен алынды. 

Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегі бойынша Қазақстандағы ЖОО түлектерінің 40 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. 

"Елімізде жұмыспен қамтылған халықтың 15 пайызының тек орта білімі бар. Олардың жұмыс табуы өте қиын. Түлектердің 40 пайыздан астамы өз мамандығы бойынша жұмыс таппайды. Жастардың 34 пайызы мамандықты өздері таңдамайды. Осындай жастар оқу бітіргеннен кейін ол сала бойынша жұмысқа тұрмайды, тұра алмайды. Сондықтан, оқушы мектеп қабырғасында өзіне не ұнайтынын шешетіндей мектеп қабырғасынан кәсіптік бағдар алуы керек, сонда ғана ол саналы түрде өзіне ұнайтын университетке түседі", - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасө қызметі хабарламасында.

Қазақстандықтар өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жүр ме? Standard.kz порталы осы сауалды қазақстандықтарға қойған еді.