Қазақстандықтар мектептегі кемшіліктер туралы анонимді хабарлай алады

Қазақстандықтар мектептегі кемшіліктер туралы анонимді хабарлай алады

 Қазақстандық оқушылар мен ата-аналар мектеп әжетханалары, жуынатын бөлмелердегі проблемалар және асханасындағы бұзушылықтар туралы Оқу-ағарту министрлігіне хабарлай алады.

Айта кетерлігі, авторлардың анонимділігіне кепілдік беріліп, олар туралы ақпарат жария етілмейді. Мектеп әжетханалары мен асханаларындағы кемшіліктер туралы фото және видеоны 8 700 699 04 46 нөмірі арқылы What’s App және Telegram-BOT-қа, Instagram желісіндегі @balaga.laiyq парақшасын белгілеу арқылы жіберуге болады. Сондай-ақ мектептерге осы әлеуметтік желілерге сілтемелері бар QR-кодтар қосымша жіберілді.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен «Балаға лайық» акциясы өтіп жатқанын еске сала кетейік. Акция «Мектептің жақсаруына көмектес!» ұранымен өтіп жатыр. Сондай-ақ науқан осы жылдың 20 желтоқсанына дейін жалғасады.

Фото: phonoteka.org