Қазақстандықтар көлік нөмірін онлайн бере алады

Қазақстандықтар көлік нөмірін онлайн бере алады
фото: sputnik.kz

Онлайн рәсімдеу келесі жылы шілдеден бастап жүзеге асады

Қазақстандықтар көліктің мемлекеттік тіркеу нөмірін екінші тұлғаға онлайн түрде бере алатын болады. Бұл туралы цифрлық даму министрі Бағдат Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Онлайн рәсімдеу келесі жылы шілдеден бастап жүзеге асады.

"Бұрын көлік сатып алғанда, тіпті онлайн транзакция жасағанда жаңа иесі жаңа нөмір алу үшін мамандандырылған ХҚКО-ға келу керек болған. Енді мұндай қажеттілік жойылды. Көлік нөмірін туыстарына беру мүмкіндігін қарастырдық" - дейді Бағдат Мусин.

Тағы бір жаңалық, көлік иесі тұрғылықты жерін ауыстырса көлік нөмірін де ауыстырудың қажеті жоқ. Сондай-ақ көлік нөмірін тіркеуге қажетті құжаттар саны азайтылады. Мусиннің айтуынша, дәл осы оңтайлы жоспарлар толық зерттеліп барып, іске қосылады.

Қазақпарат