Қазақстандықтар киноға жиі бара бастады

Қазақстандықтар киноға жиі бара бастады
фото: https://www.istockphoto.com/

Қазақстанда 3 924 қоғамдық кітапхана, 3 069 мәдени-демалыс ұйымы, 275 мұражай, 230 ойын-сауық және демалыс саябағы, 113 кинотеатр, 74 театр, 43 концерт ұйымы, 11 хайуанаттар бағы және 3 цирк жұмыс істеп тұр. 

2022 жылмен салыстырғанда келушілердің ең үлкен өсімі мына салаларда тіркелген:

  • концерт — 23,3%
  • киносеанс — 23,2%
  • цирк — 11,9%
  • театр — 10,2%
  • хайуанаттар бағы — 3,9%.

Мәдениет ошақтарында өткен шараларға келсек, 2023 жылы концерт ұйымдары өткізген іс-шаралар саны — 8,8%, мұражайдағы экскурсия саны — 7,4% және театрлар өткізген іс-шаралар саны — 7,4%, демалыс және ойын-сауық саябақтары өткізген іс-шаралар саны — 5,1%, мәдени-демалыс ұйымдары өткізген іс-шаралар саны — 4,8% ұлғайған.

Мәдени-бұқаралық шаралар саны бойынша театрлар 16,5 мың, ойын-сауық және демалыс саябақтары 7,1 мың және концерт ұйымдары 6,4 мың шара өткізген.

Осылайша 2023 жылы мәдени-бұқаралық шаралар саны 2019 жылдан кейін алғаш рет пандемияға дейінгі деңгейге оралды.

Киноға барушылар саны республикалық маңызы бар қалаларда ең көп: Алматы — 7 111,6 мың, Астана — 4346,7 мың, Шымкент — 1721,4 мың.

Мұражайға барушылардың ең көбі — Түркістан облысы (1285,8 мың адам) мен Астана қаласында (890,4 мың адам). 

ҚазАқпарат