Қазақстандықтар ет және сүт өнімдерін көп тұтына бастады

Қазақстандықтар ет және сүт өнімдерін көп тұтына бастады
фото: Baq.kz

       Бюро 2023 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша жан басына шаққандағы азық-түлік тұтыну бюллетенін жариялады.

       Бұдан бұрынғы кезеңдердегідей үй шаруашылықтарының тұтыну шығындарында азық-түлік сатып алуға жұмсалатын шығыстардың ең көп үлесі ет пен ет өнімдеріне – 17%, нан мен жарма өнімдеріне – 7,8%, сүт өнімдеріне 5,4% тиесілі.

       Ет пен ет өнімдерін тұтынудың ең жоғары көрсеткіші Жетісу, Атырау, Ақмола облыстарында, ал ең төмені Шымкент қаласында байқалды.

       Өңірлер бөлінісінде нан мен жарма өнімдерін Түркістан облысының тұрғындары көбірек тұтынады – жан басына шаққанда 44,1 кг (тоқсанына), ең азы – елорда тұрғындарында, жан басына шаққанда 23,6 кг.

       Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2023 жылдың ІІІ тоқсанында қазақстандықтар ет және ет өнімдерін – 0,7келіге, сүт және сүт өнімдерін 1,2 келіге көбірек тұтынған. 

       Baq.kz