Қазақстандықтар енді YouTube Premium-ге жазыла алады

Қазақстандықтар енді YouTube Premium-ге жазыла алады
фото: pixabay.com

Premium YouTube-парақшасының иелері видеоларды жарнамасыз және фон режимінде көре алады, интернетке қосылмай көру үшін бейнелерді сақтай алады және басқа да бірқатар мүмкіндіктерге ие болады.

Қазақстандықтарға YouTube Premium-ге жазылудың бірнеше нұсқасы ұсынылды: жеке, отбасы және студенттерге.

Қазақстандағы YouTube Premium бағасы

Айта кетейік, сервис Tengrinews.kz тілшісіне YouTube Premium үшін әртүрлі баға көрсеткен. iPhone-нан қараған кезде жеке жазылым айына 3500 теңге болса, компьютерден айына 2700 теңгені көрсетеді.

iPhone арқылы қарағандағы YouTube Premium бағасы

БАҚ мәліметінше, бірқатар елдерде жеке жазылымның бағасы айына $11,99 (шамамен 5400 теңге) болады.

Айта кетейік, цифрлық даму министрі Бағдат Мусин YouTube Premium Қазақстанда 2023 жылы болады деп уәде еткен еді, кейін "бұл жыл аяғына дейін болмауы мүмкін" деп мәлімдеді.

Дереккөз kaz.tengrinews.kz.