фото: pexels.com
Қазақстандықтар ұшқышсыз ұшатын аппараттарын тіркеуге міндеттеледі. Бұл туралы еліміздің авиациялық әкімшілігі хабарлады.
Енді дронның кез-келген түрі есепке қойылады. Бұған дейін салмағы 250 граммға дейінгі пилотсыз ұшу құралдары есепке алынбайтын. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бұған тұрғындардың жеке өмірінің қауіпсіздігі үшін барғандарын айтады.
Жаңа заңға сай дрон қолданушылары елді мекендердер мен аэродромдардан алыс аумақтарды рұқсатсыз түсіре алады.
Ал, қалалар мен ерекше қорғалатын аймақтарды түсіру үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, аймақтық әуе қоғалыс бақылау орталығы сынды бірнеше мекемеден рұқсат алу керек. Ережеге бағынбағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылады, деп жазды qazaqstan.tv.
Тіркелмеген аппаратты әуеде қолданғандар жауапқа тартылады. Яғни, жеке тұлғалар 10 айлық есептік көрсеткіш не 36 920 теңге айыппұл төлейді.
Ал лауазымды тұлғалар үшін бұл сома екі еселенеді.
Владимир Кошманов, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ департамент директоры: - Елорда аумағында тіркелмеген, рұқсаты жоқ ұшқышсыз аппараттардың ұшуын болдырмау үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Ондай құрылғылардың саны артып келеді. Сондықтан мемлекеттік органдар азаматтарға дрондарды қалай қолдану керектігін түсіндірудің барлық амалын жасап жатыр. Қажетті ақпаратты «Дрон Казахстан» telegram каналынан алуға болады, деп жазды 24.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через