Биыл азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемденуге қатысты 17,5 мың қылмыс тіркелді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары Рүстем Дүйсетаев айтты.
«Қазіргі таңда азаматтардың ақшасын алдау жолымен заңсыз иемдену қылмыстардың ең көп тараған түрі саналады. Сондықтан, алаяқтарға қарсы іс-қимыл елімізде және бүкіл әлемде өзекті мәселелердің бірі ретінде қабылданды», - деді Рүстем Дүйсетаев ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.
Алаяқтар азаматтарды алдау үшін әр түрлі амал қолданады. Сол себептен мұндай қылмыстардың саны жылдан жылға көбейіп келеді.
«Жыл басынан бері 17,5 мың қылмыс тіркелді. Дегенмен, өткен жылы 17 900 қылмысты құраған көрсеткіштен төмен. Алаяқтардың іс-әрекеті салдарынан жыл басынан бері азаматтарға 15 млрд теңге шығын келтірілді», - деді Рүстем Дүйсетаев.
6 айдың ішінде онлайн-саудаға қатысты 6 мыңға жуық алаяқтық жасалған.
Сонымен қатар банктер мен микрокредит ұйымдарында жалған онлайн-займ рәсімдеудің 2,8 фактісі тіркелген.
Фото: inbusiness.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через