Қазақстандық автокөлік иелері VIP нөмірлерге шамамен 6 миллиард теңге жұмсаған, - деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы.
Ведомство Tengrinews.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында, 2022 жылы еліміздегі арнаулы халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалпы құны 5 миллиард 949 миллион 849 мың 491 теңгеге сұранысы жоғары 20 075 мемлекеттік тіркеу нөмірлері берілгенін хабарлады.
"Ең қымбат нөмірлер - 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777. Бұлардың әрқайсысы 285 АЕК тұрады. Яғни, әрбір нөмір үшін қазақстандықтар 2022 жылы 872 мың 955 теңге төледі", - деп атап өтті Мемлекеттік корпорация.
VIP-нөмірлерге сұраныс көбінесе Алматы тұрғындарынан түскен. Соңғы бір жылда алматылық көлік иелері 2 миллиард 365 миллион 875 мың 494 теңгеге 7 мың 83 VIP-нөмір алған.
Фото liter.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через