Қазақстандықтар 2023 жылы қалай демалады?

Қазақстандықтар 2023 жылы қалай демалады?

Алдағы жылы бес күндік жұмыс аптасымен санағанда қазақстандықтарды 245 жұмыс және 120 демалыс күндері күтеді.

2023 жылы ең көп демалатын күндер қаңтар мен наурызда - 12 күн. Ал ақпан мен қарашада 8 күн демаламыз.

2023 жылы мереке күндерінің көп бөлігі аптаның ортасына түсетіндіктен, демалыс күндері өте аз.

Ең ұзақ демалыс күндері:

  • Қаңтарда жаңа жылға 3 күн - 1, 2 және 3 қаңтар;
  • наурызда 3 күн - 21, 22 және 23 наурыз;
  • сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн - 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн - 6, 7, 8 және 9 мамыр;
  • шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады - 6, 7, 8 және 9 шілде;
  • желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн - 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16 сенбіге сәйкес келеді.

2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді, өйткені ол сенбі - 7 қаңтарға сәйкес келеді. Егер діни мереке сенбіге немесе жексенбіге сәйкес келсе, демалыс берілмейді.

Құрбан айт 2023 жылы 28 маусым, сәрсенбіге келеді.

Дереккөз Tengrinews.kz.  Фото: news.myseldon.com.