Қазақстандық жүргізушілер алдағы уақытта көліктің тарихын тексере алады

Қазақстандық жүргізушілер алдағы уақытта көліктің тарихын тексере алады

     Ішкі істер министрлігі "Автокөлік тарихы" мен “Бірыңғай сақтандыру деректер базасын” біріктірмек. Осылайша жүргізушілер көліктің бұрын-соңды жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын тексере алады. 

     Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан "Автокөлік тарихы" қызметі көлікті сатып алып жатқанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді:

     – автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күні;

     – бұрынғы иелерінің саны;

     – кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғы, сонымен қатар басқа да мәліметтер.

     Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сондай-ақ сервис еліміздегі кей онлайн-банкингтерде қолжетімді. 

     Алдағы уақытта ІІМ "Автокөлік тарихына" "бірыңғай сақтандыру деректер базасын" қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.

     Stan.kz