фото: https://turkystan.kz
Астаналық оқушы Әли Насырбек жыл сайын өтетін Copernicus Olympiad сайысына қатысып, әлемнің үздік математигі атанды.
Жарысқа 23 елден 360 оқушы іріктелген. Қазақстан намысын 51 бала қорғады. Дүбірлі додада топ жарған оқушы болашақта үздік оқу орындарына түскісі келеді.
«Байқау АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтті. Біз әлемнің ең мықты оқу орындарының бірі Колумбия университетінде болдық. Кейін Бостонға барып, Гарвард пен МІТ университеттерін көрдік. Мен МІТ-ге түсуді армандаймын», – деді Copernicus Olympiad жеңімпазы Әли Насырбек.
Қазақпарат
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через