Қазақстандық мультфильмдер Түркияда көрсетілді

Қазақстандық мультфильмдер Түркияда көрсетілді
фото: Sn.kz

Анкаралық балалар «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» атты мультфильм мен Әмен ата шәкірттерінің 4 анимациялық туындысын түрік тілінде тамашалады.

Игі шара әйгілі сценарист Әмен Қайдардың 100 жылдығына орайластырылды. Оған «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі мен Қазақстанның Түркиядағы елшілігі және «TURKTAV» Түркі тарихы және мәдениеті қоры мұрындық болды. Шетелде көрерменге алғаш рет жол тартқан туындыны 50-ге жуық бала тамашалады. Ұйымдастырушылардың бұл текті шаралар халықпен халықты бірлестіріп қана қоймай, сала мамандары арасында да ынтымақтастықты арттырады. Осы орайда отандық бірнеше өнім түрік арнасында көрсетілмек.

«Бұл жақтағы мамандар да біздің жұмыстарымызға, анимациялық фильмдерімізге жоғарғы баға беріп, оң көзқарастарын беріп отыр. ТРТ Аваз өз телеарналарынан, яғни 6 елге тарайды деді-ау деймін, сол елдерде көрсетуге келісімін берді. Бұл – енді қуанышты жаңалық. Екіншісі, түркі тілдес елдердің халықаралық анимациялық қауымдастығын құрсақ деген ойымыз бар болатын. Сол ойды да жан-жақты қолдап, белше кірісіп жатырмыз», – деді Жәнібек Оразалы, «Қазақанимация» бірлестігінің жетекшісі.

Қазақпарат