фото: «Дала қасқыры» фильмінен кадр
Қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың туындысы Брюсельдегі фантастикалық фильмдердің халықаралық фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.
24.kz-тің жазуы бойынша «Дала қасқыры» жұмысы «халықаралық фильм» аталымы бойынша үздік деп танылды. 40 жылдық тарихы бар фестивальге жыл сайын 50 мыңға дейін адам жиналады. Биыл онда 60 туынды көрсетілген.
Енді «Дала қасқыры» менің сүйікті фильмдерімнің тізімінде болады. Маған қатты ұнады. Әрбір кадры – нағыз туынды. Әйгілі шебер Иероним Босхтың суреттерін көріп отырғандай сезімде болдым. Режиссердің бұл жұмысы қазақстандық киноны жаңа деңгейге шығарады деп ойлаймын. Көруге тұрарлық туынды. Рақмет, Қазақстан! – деп жазды фестивальдің баспасөз менеджері Джонатан Ленаертс.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через