"Ана, мен тірімін!" фильмі Жібек жолы елдері номинациясында Канн кинофестивалінің бас жүлдесіне ие болды.
"Канн 7-ші өнер сыйлығының барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Қазақстандық "Ана, мен тірімін!" фильмі Жібек жолы елдері фильмдерінің Гран-приін жеңіп алды! Фестивальді ұйымдастырушыларға, барша қатысушыларға алғыс білдіреміз. Қазылар алқасының мүшелері, барлық қатысушылар және барша көрермендерге рахмет", - деп бөлісті фильм режиссерлерінің бірі Азиз Заиров әлеуметтік желідегі парақшасында.
"Анашым, мен тірімін” – қазақстандық режиссерлер Әзиз Заиров пен Мұхамед Мамырбековтің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектор әйелдің қиын тағдырын баяндайтын әлеуметтік драмасы.
Режиссердің айтуынша, бұл соңғы үш жылда Канн кинофестивалінде ұсынылған алғашқы қазақстандық фильм.