Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров Түркия Республикасына іс-сапары барысында Әзербайжан Республикасы президентінің көмекшісі – Президент Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің жетекшісі Хикмет Гаджиев бастаған Әзірбайжан БАҚ саласының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде "Balapan", "Kazakh tv", "Хабар24" телеарналарын Әзербайжан аумағында көрсету ұсынылды.
Министр қазақстандық нишалық телеарналардың Әзербайжан аумағында хабар таратуын қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылданатынын айтып, әзербайжандық мамандарды Орталық Азиядағы ең ірі медиашара – Astana Media Week апталығына шақырды.
Өз кезегінде, Әзербайжан тарапы Қазақстанның БАҚ саласындағы, оның ішінде анимация өндірудегі тәжірибесіне қызығушылық танытып, шараға қатысуға ниетті екендіктерін жеткізді.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через