YouTube продюсер, Expert Media Group негізін қалаушы Александр Мелентьевтің айтуынша, қазақстандық авторлар 6 жылда You Tube-тен 15 млн доллар тапқан. Ол бұл туралы Astana Media Week форумында айтты.
«Менің көзқарасым бойынша, қазір TikTok-пен қызу бәсеке жүріп жатыр. Білмейтіндер болса айтайын, You Tube қысқа форматтағы видеолардың саны бойынша TikTok-тан озып кетті. Бұл – күніне 4 миллиардтан астам. Ондай видеоларды Үндістанда іске қосудың есебінен осылай болды. Өйткені Үндістанда TikTok-қа тыйым салынған»,- дейді Александр Мелентьев.
Ол қазақстандықтардың әлі де You Tube-кетым көп уақыт жұмсайтынын еске салды.
«Бұл үлкен трафик болғанмен,өкінішке қарай, ол алаңда қазақстандық авторлар, қазақ тілді контент әлі де болса аз. Дей тұрғанмен қазақстандықтар күніне 1,5 сағатын You Tube-ке жұмсайды. Біз әлемде You Tube қараудан үшінші орын аламыз. Александр Мелентьев.
Алты жылдың ішінде нарық You Tube авторларына 15 млн доллардан астам ақша төлеген. Бірақ бұл бәрібір теледидар сияқты ілгерілетудің өзге көздеріне жұмсаған ақшаның қасында өте аз. Әзірге бізде You Tube енді-енді ғана қарқын алып келеді»,-дейді маман.
Сондай-ақ, ол You Tube-тің Ресейге қатысты саясаты қазақстандық авторларға кесірін тигізіп жатқанын атап өтті.
Ішкі нарықтың монетизация бойынша 1 млн қаралымға 300-400 доллар төленеді. Мұндай айналымды You Tube-тегі телеарналар ғана жасай алады», - деген Александр Мелентьев жергілікті жарнама агенттіктері You Tube авторларына жарнама беругесоншалық құлықты есместігін мәлім етті.
Ал тікелей жарнама туралы айтсақ, жарнама интеграциялағаны үшін 500 мың теңге төлеуі мүмкін. Бірақ бұл ол шығарылымның шығынын ақтамайды. Кәсіби, сапалы шығарылым жасау үшін кемінде2-3 мың доллар керек», - деді YouTube продюсер.
Дереккөз ҚазАқпарат. Фото: mobillegends.net
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через