фото: https://sputnik.kz
Қазақстандық әуе компаниялары жыл соңына дейін 14 ұшақ сатып алады
Қазақстанның әуе компаниялары жыл соңына дейін жалпы сыйымдылығы 2,5 мың орынды құрайтын 14 жаңа әуе кемесін сатып алады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
"Қызметіме алғаш кіріскен күннен бастап мәселені зерделеп, оны шешу мақсатында қазақстандық әуе тасымалдаушыларға жаңа ұшақтар сатып алуды тапсырған болатынмын. Жоспар бойынша жылдың соңына дейін жалпы сыйымдылығы 2,5 мың орынды құрайтын 14 жаңа әуе кемесі пайдалануға берілмек. Атап айтқанда, SCAT авиакомпаниясы 9, Fly Arystan – 3 және Air Аstаnа 2 ұшақпен толықтырылады", - деп жазды министр.
Айтуынша, бүгін Scat әуекомпаниясының флоты жаңа борт сатып алды.
" 174 орындық "Boing-737 МАХ 8" заманауи ұшағында бизнес-кластағы орындар да қарастырылған екен. Қыркүйек айының ортасына дейін компанияның флоты тағы 4 Boeing әуе кемесімен толықтырылатын болады. Жалпы аталған авиакомпанияның флоты 27 ұшаққа дейін ұлғайтылады", - деді Өскенбаев.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через