Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізімі Азаматтық авиация күнімен толығады

Қазақстандағы кәсіби мерекелер тізімі Азаматтық авиация күнімен толығады
фото: Pexels

       Ол 1 ақпанға белгіленбек.

       Қазақстанның мерекелік күндер тізіміне жаңа бір дата қосу жоспарланып отыр. Оған сәйкес, 1 ақпан күні Азаматтық авиация күні аталып өтіледі. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды.

       Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, мұндай бастаманы ҚР азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер кеңесі көтерген.

       Еске салайық, 1991 жылы 1 ақпанда Алматы әуежайында Авиациялық қауіпсіздік қызметі құрылған болатын. Ал 2019 жылы Авиациялық қауіпсіздік қызметінің шешімімен 1 ақпан Авиациялық қауіпсіздік қызметінің ардагерлері мен қызметкерлерін ұлықтау күні болып белгіленді.

       Үкімет қаулысы қабылданса, бұл мереке республика көлемінде атап өтіледі.

       Ақпарат дереккөзі: Informburo.kz