Сонымен қатар, Алматыда екі базарда екі жүзден астам адам қолға түсті
Ішкі істер министрлігі 10 қаңтардағы жағдай бойынша елде қанша адам ұсталғанын мәлімдеді.
"10 қаңтардағы мәлімет бойынша ішкі істер органдарына 7939 адам жеткізілді".
Сондай-ақ Алматыда екі базарда 207 адам ұсталған. Жедел іс-шараларды полиция Ұлттық ұлан мен арнайы мақсаттағы бөлімшелердің әскери қызметшілерімен бірлесіп жүргізді.
Ұрланған 5 автокөлік, жаңа компьютерлік процессорлар, ноутбуктер, музыкалық орталық, сондай-ақ 2 тегіс ұңғылы және 4 суық қару тәркіленді.
Ақпарат дереккөзі
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через