"Қазгидромет" РМК мәліметінше, кейінгі 5 жылда Алматы, Астана, Қарағанды, Жезқазған және Теміртау қалаларында ауаның ластануының тұрақты жоғары деңгейі байқалды.
Астанада ауа әсіресе жылдың суық мезгілінде ластанады. Қыста жылу электр станциялары мен жеке сектордың жылуынан шыққан түтін мен көліктерден шығатын газ ластануды күшейтеді.
Қарағандыда да жағдай осыған ұқсас: атмосфераның ластануына негізгі әсер - жылу электр станциялары мен жеке сектордағы жылу шығарындысы. Оған өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығарындысы да қосылады.
Теміртауда ластану кез келген маусымға тән. Лас ауа қаланың өнеркәсіптік және металлургиялық кәсіпорындарынан, сонымен бірге жылу электр стансалары мен жеке сектордағы жылудан шығарылатын заттардан түзіледі, деп жазады Ranking.kz.
Ластанудың жоғары деңгейі Ақтау, Алматы, Жезқазған, Қостанай, Түркістан, Петропавл және Өскемен сияқты қалаларда байқалады.
Алматы тұрғындарына 30 қаңтарда қалада ауаның ластану деңгейінің жоғарылауы болжанғаны ескертілді. Ауадағы азот диоксидінің деңгейі шекті рұқсат етілген концентрациядан 2,6 есе артады.
Дереккөз Zakon.kz. Фото: rus.azattyq-ruhy.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через