Қазақстанда жол құрылысына 15 млрд доллар инвестиция салынбақ

Қазақстанда жол құрылысына 15 млрд доллар инвестиция салынбақ
фото: gov.kz

"Жаңа Жібек жолы" халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев саланы 2030 жылға дейін дамытудың негізгі жобаларына тоқталды.

“Транскаспий халықаралық көлік жолы өткізу қабілетін 5 есеге арттыра алатынын ерекше атап өткім келеді. Бұл дәліз арқылы жүк Қытай Халық Республикасынан Еуропаға 18 күнде өтеді. Бұл Қытай мен Еуропа арасындағы ең қысқа жол", – деді министр.

Оның айтуынша, алдағы бес жылда бұл дәліз бойынша жүк тасымалдау құны өзгермейді. Қазақстан Қытай мен Еуропа арасындағы жүк айналымынан барынша пайда алу үшін жол инфрақұрылымына да инвестиция салуды көздеп отыр.

“Транскаспий дәлізінен басқа, біз әуе қатынасының үлкен әлеуетін көріп отырмыз. Қазақстанның әуе көлігін пайдалану көрсеткіші 90 пайызға артты. Осы тұрғыдан алғанда, біздің министрліктің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – әуежайларымыздың базасында CargoHub (халықаралық көлік-экспедиторлық холдинг) құру. Мен жол саласына ерекше тоқталғым келеді. Біз алдағы алты жылда 5 мың шақырым жаңа жол салып, жөндеу жұмыстарын жүргізгім келеді. Жалпы инвестиция көлемі 15 миллиард долларды құрайды. Мұның барлығы Қазақстанның ҚХР мен Ресей Федерациясы арасындағы, ҚХР мен Еуропа арасындағы толыққанды транзиттік хабқа айналуын қамтамасыз ету үшін жасалып жатыр", – деді Марат Қарабаев.

Stan.kz