фото: inalmaty.kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елімізде YouTube Premium неліктен әлі қосылмағанын түсіндірді.
«YouTube Google-ға тиесілі. Олар экономикалық жайтқа қарай шешім қабылдайды. Бұл геосаяси немесе өзге мәселелерге емес, тек экономикалық мәселеге ғана байланысты», — деді министр «Алтын сапа» сыйлығын табыстау іс-шарасы аясында.
Оның атап өтуінше, Қазақстанда YouTube Premium қолданушыларының саны жеткіліксіз.
Сонымен қатар Қазақстанның шығарма авторларымен келісімшарт та жасалмаған.
«Жыл басында барғанымда қазақстандықтарға YouTube Рremium керек екенін айтып, оларға үлкен өтініш жасадым. Сол уақытта олар нақты жұмыс жүргізілетінін айтып сендірді. Таяуда Цифрлық даму министрлігінен бірінші вице-министр Қаныш Тілеушин конференцияға қатысып, Google өкілдерімен келіссөз жүргізді. Олар жыл соңына дейін мүмкін еместігін, дегенмен келесі жылы міндетті түрде қосатынын жеткізді. Қазақстан өз тарапынан барлық шартты орындады. Қазіргі уақытта ел заңнамасы тарапынан шешілмеген не қандай да бір саяси мәселе жоқ», — деді Бағдат Мусин.
Дереккөз inform.kz.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через