фото: pixabay.com
Елімізде көлік жүргізушілеріне халықаралық куәлігі беріле бастайды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қазақстан Республикасының ұлттық жүргізуші куәлігі жол қозғалысы туралы конвенцияға қол қойған елдерде жарамды (Вена, 1968 жыл). Қазіргі уақытта бұл 80-нен астам ел. Сондай-ақ, ұлттық жүргізуші куәлігі Жапония мен Үндістанда жарамды. Өйткені бұл елдер БҰҰ конвенциясының құрамына кіреді», - делінген хабарламада.
Ақпаратта айтылғандай, АҚШ-та қазақстандық жүргізуші куәлігі жарамсыз, сондықтан көлік құралдарын басқару аталған елдің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Жол қозғалысы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес халықаралық жүргізуші куәліктерін беру көзделген. Халық арасында пайда болған сұранысты ескере отырып, қазақстандық құқықтар әлем елдерінің жартысында танылғанына қарамастан, Ішкі істер министрлігі халықаралық жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметті іске қосу бойынша жұмыс жүргізуде. Жұмыстардың аяқтау биылға жоспарланған», - дейді министрліктен.
Сондай-ақ ІІМ мәліметінше мемлекеттік органның халықаралық жүргізуші куәлігінің берілген саны туралы ақпарат жоқ.
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через