фото: vizit-med.ru
Қазақстанда тұмауға қарсы екпе қашан басталатыны белгілі болды.
2023 жылғы 11 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "2023-2024 жылдары эпидемиялық маусымына тұмау және ЖРВИ бойынша санитариялық-профилактикалық, санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізу туралы" №6 қаулысына қол қойылды. Қаулы ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейді, - делінген құжатта.
Оның ішінде:
- осы жылдың 1 қазанынан бастап тұмауға қарсы екпе жүргізу;
- медициналық ұйымдарда кіре берісте "сүзгілердің" жұмысын қамтамасыз ету, маскаларды пайдалану, антисептиктердің болуы;
- ЖРВИ, тұмау көріністерімен үйге шақыру бойынша жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға бірінші кезекте қызмет көрсету;
- мектепке дейінгі балалар ұйымдарында күнделікті таңертеңгі сүзгіні жүргізу, ЖРВИ және тұмау белгілері бар балаларды шеттету;
Орта білім беру ұйымдарында:
- бір инкубациялық кезең ішінде сынып санынан бір сыныпта 20-дан 30%-ға дейінгі оқушылардың ЖРВИ ауруы жағдайларын тіркеу кезінде жалпы білім беру ұйымдарында оқытудың кабинеттік жүйесінен бас тарту, күнтізбелік он күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдауға тыйым салу ұсынылады;
- бір инкубациялық кезең ішінде науқастардың жалпы саны 30% және одан көп ЖРВИ ауруы тіркелген жағдайда оқушыларды онлайн оқытуға ауыстыру жүзеге асырылады.
Baq.kz
Пікірлер
Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз
Авторизация через