Бизнес және Біз

Бөлісу

Қазақстанда Toyota зауытын ашу туралы келіссөз жүріп жатыр

Қазақстанда Toyota зауытын ашу туралы келіссөз жүріп жатыр

Қазақстанда Toyota зауытын ашу туралы келіссөз жүріп жатыр

Қазақстандық автоөндірушілер жапониялық Toyota корпорациясының зауытын ашу туралы келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

"Toyota – біздің еліміздегі ең танымал брендтердің бірі. Әрине, біздің өндірушілер келіссөз жүргізіп жатыр. Бизнес корпорациялар бұл мәселені мемлекеттік органмен талқыламайтын шығар, өйткені ол техникалық мәселе: кім қанша ақша құяды, қандай құзыреттер, сату нарығына қаншалықты дайын. Келіссөз жүріп жатыр, оң шешім шыға ма, жоқ па, оны білмеймін", - деп жауап берді Өскенбаев.

Министрдің ойынша, егер Қазақстанда Toyota ашылса, бұл еліміздің ең мықты жетістіктерінің бірі болады.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары жапониялық Toyota автокөлік корпорациясы Ресейде өз зауытын жабатынын хабарлаған еді.


Мәтіндегі ақпарат туралы

Біздің әлеуметтік желілерге жазылыңыздар және барлық оқиғалардан хабардар болыңыз!
Facebook Youtube Instagram Вконтакте Форум качества

Пікірлер

Комментарий қалдыру үшін порталға тіркеліңіз немесе кіріңіз

Авторизация через