Қазақстанда татуластыру рәсімдерін қолдану саласы кеңейтілмек

Қазақстанда татуластыру рәсімдерін қолдану саласы кеңейтілмек

                Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.

                Аталған құжатқа Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашы болды. «Заң жобасы медиация институтын дамыту және дауларды реттеу кезінде азаматтарға көмек көрсету мақсатында әзірленді.

                Заң жобасының негізгі ережелері татуластыру рәсімдерін қолдану саласын кеңейтуге, дауларды татуластыру арқылы аяқтау мүмкіндігіне халықты неғұрлым белсенді тартуға бағытталған», - деді Мәжілісі депутаты Снежанна Имашева7

                Оның айтуынша, құжатта медиатордың көмегін алимент бойынша туындайтын дауларға реттеуге мүмкіндік беретін нормалар қарастырылған.

               «Азаматтық процестік кодексіне түзетулер тараптар арасында сол бір зат туралы және сол негіз бойынша медиативтік келісім болған жағдайларда талап-арызды қабылдау әрі сотқа қайтару рәсімдерін жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар осы кодекске ажырасу істерін сырттай қарауға жол бермеу нормалары енгізілген», - деді депутат.

                Сонымен бірге, жекелеген түзетулер медацияны жүргізу тәртібі мен тәсілін жетілдіруге, медиация тараптарының құқықтары мен міндеттерін нақтылауға, медиация туралы шарттың нысаны мен мазмұнына, сондай-ақ медиаторлар ұйымдарының функцияларын айқындауға бағытталған.

               «Бүгінде медиация институтын дамытумен жүйелі негізде айналысатын бірде-бір орган жоқ. Сондықтан заң жобасында тиісті өкілетті органды айқындау және оған осы үшін қажетті құзыреттер беру ұсынылады. Болашақты бұл Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі болады деп үміт артамыз», - деді С. Имашева.

Мәтіндегі ақпарат туралы