Қазақстанда смартфонға арналған жұқа шыны шығаратын зауыт іске қосылады

Қазақстанда смартфонға арналған жұқа шыны шығаратын зауыт іске қосылады
фото: he.aliexpress.com

Импортты алмастырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы алдағы  маусым айында бекітіледі. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев осындай жақсы жаңалығымен бөлісті. Кәсіпорындардың айналасында шағын және орта бизнес белдеуі құрылмақ. Соның арқасында «Орда-Glass» ЖШС шыны зауыты базасында автомобиль шынылары, шыны талшықтары, шыныдан жасалған ыдыстар, ыдыс-аяқ, терезе шынылары мен смартфондарға арналған жұқа шынылар өндіретін шағын зауыттар салу, шыныдан дайындалатын бұйымдар өндірісін жолға қою пысықталып жатыр.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен жаңа жобаларға да қатысты осындай тәсілдер қолданылады. ҚазАқпарат мәлімдегеніндей, ірі жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлерге инфрақұрылым ұсыну есебінен бұрын импортталған тауарлар оқшауланады.

Импортты алмастырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу жұмысы нақты кесте бойынша жүргізіліп жатыр. Алгоритмге сәйкес наурыз айында әлемдік тәжірибеге талдау, барлық өңдеу өнеркәсібі бойынша кешенді сараптама жүргізілді. Сәуір айында жобалар пулы жасалып, іс-қимыл алгоритмі әзірленді. Мамыр айында құжатты мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен келісу рәсімін аяқтау жоспарланған. Маусым айында жоба бекітілмек. Өңірлік бағдарламалар жергілікті атқарушы органдармен қыркүйек айына дейін қабылданады.

Фото he.aliexpress.com сайтынан алынды