Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарна жойылады

Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік жарна жойылады
фото: halyq-uni.kz

       Туристер ағыны ұлғайған жағдайда мөлшерлемені көтеруді көздейтін тармақтар ережелерден алынып тасталды

       Туризм және спорт министрлігі шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларына түзетулер әзірледі.

       Осылайша, әзірленген жаңа түзетулерде туристік жарнаға орналастыру орындарында болу құнының 0 (нөл) пайыздық мөлшерлемесі қолданылатыны көрсетілген.

       Қазіргі уақытта орналастыру орындарында туристік жарнаға 0,2-ден 0,5 АЕК-ке дейін (690 теңгеден 1726 теңгеге дейін) бекітілген мөлшерлемелер қолданылады.

       Сондай-ақ туристер ағыны ұлғайған жағдайда мөлшерлемені көтеруді көздейтін тармақтар ережелерден алынып тасталды.

       Бұйрық жобасы 6 қарашаға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық" НҚА сайтында орналастырылады.

       20 қазанда туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев туристік жарнаны (bed tax) алып тастау туралы шешім қабылданғанын хабарлаған болатын. Себебі бұл отандық бизнеске де, шетелдік туристерге де қолайсыздықтар туғызады.

       Sputnik Қазақстан